freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда мектептерде телефонды қолдануға тыйым салынады

Білім-ғылым
Қазақстанда мектептерде телефонды қолдануға тыйым салынады
Фото: shyn-ar.kz

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектептерде смартфондарды пайдалануға қатысты жоспарланған өзгерістерді түсіндірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Stan.kz жазуынша, Парламент палаталарының бірлескен отырысы аясында мектептерде смартфондарды пайдалануға қатысты жоспарланған шектеулер туралы түсініктеме берді.

Министрдің айтуынша, жоғары сынып оқушыларына қатысты мәселе әлі де талқыланып жатыр.

"Жоғары сыныптарда көптеген пәндер онлайн-платформалар арқылы оқытылады. Сондай-ақ оқушылар ҰБТ мен SAT емтихандарына дайындалады. Сондықтан бұл мәселелерді мұғалімдермен бірге әлі де талқылаймыз. Ал басқа жағдайда 7-сыныпқа дейінгі оқушылар сабақ кезінде смартфондарын тапсыруға  тиіс болады", – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Бұған дейін Қазақстанда педагог мәртебесі мен білім туралы заңдарға енгізілетін түзетулер аясында мектептерде ұялы телефондарды пайдалану мәселесі қарастырылып жатқаны хабарланған.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда оқушылардың мектепте телефон пайдалануына байланысты ата-аналарға айыппұл салу мәселесі қарастырылып жатқаны хабарланған. Жаңа ережеге сәйкес, егер оқушы сабақ кезінде ұялы телефон қолданса, жауапкершілік ата-анасына жүктеледі. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова пікір білдірді. Оның айтуынша, кейбір ата-аналар балаларына телефонды үнемі қосулы ұстауды талап етеді, бұл сабақ барысында қиындық туғызады.

"Мұғалімдер оқушылардан сабақ кезінде телефондарын сөндіруді сұрағанымен, кейбір оқушылар ата-аналары телефонды өшіруге рұқсат бермейтінін айтады. Ал оқу процесі толық зейін қоюды қажет етеді" деді депутат.

Жоспарланған өзгеріске сәйкес, оқушы алғаш рет ережені бұзса, оған ескерту жасалады. Егер тәртіп бұзушылық қайталанса, ата-анасына 5 АЕК көлемінде, яғни шамамен 19,5 мың теңге айыппұл салынуы мүмкін. Айыппұлды мектеп әкімшілігінің шақыртуымен келген полиция қызметкері рәсімдей алады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу