freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе келіссөз жүргізді

Саясат
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе келіссөз жүргізді
Фото: Ақорда

Ресми делегация мүшелерінің қатысуымен өткен келіссөз барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын кеңейту перспективасы талқыланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы уақыт тезінен өткен сенімді серіктесі Грузиямен арадағы достық қатынастарды бағалайтынын атап өтті.

Біздің елдерімізді тарихи тамырластық, ортақ мәдени құндылықтар мен халықтарымыздың арасындағы берік байланыстар біріктіреді. Бұл – өзара серіктестігіміздің негізі. Біз жаңа ғана нәтижелі пікір алмасып, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенімізді растадық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент бүгін қол қойылатын Стратегиялық серіктестік орнату жөніндегі бірлескен мәлімдеме қазақ-грузин қарым-қатынасын жаңа әрі сапалы деңгейге көтеретініне сенім білдірді.

Сауда-инвестициялық ықпалдастық екі ел байланысының өзегі саналады. Жаһандағы тұрақсыздыққа қарамастан тауар айналымын ұлғайтуға мүмкіндік мол. Қазақстан Грузия экономикасына жарты миллиард доллардан астам инвестиция салды. Әрі аталған елдің ірі инвесторларының қатарына кіреді. Мемлекеттеріміз энергетика секторында табысты ынтымақтастықты жолға қойды. Біз Баку – Тбилиси – Джейхан құбырымен мұнай тасымалы көлемін ұлғайтуға ниеттіміз. Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия аясында белсенді жұмыс атқарылып жатыр. Бүгінгі кездесу келешектегі жаңа басымдықтарды айқындауға септігін тигізеді деп үміттенемін, – деді Мемлекет басшысы.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу