Интернет алаяқтық: қарағандылық күдіктілерден 232 sim-карта мен 2 sim-box тәркіленген

Олар sim-карталарды ауыстырып отырған

Мәди Саматұлы

  • 07.01.2025

Қарағанды облысында полиция қызметкерлері ІІМ-нің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментімен, ҰҚК-мен және ұялы байланыс операторларымен бірлесе отырып, интернет-алаяқтыққа байланысты заңсыз әрекеттерді тоқтатуға бағытталған операция жүргізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Теміртау қаласының 34 және 36 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Күдіктілер ұялы байланыс құрылғыларының сәйкестендіру кодтарын заңсыз өзгертіп, сондай-ақ, осы мақсатта бағдарламалық қамтамасыз етуді жасап, қолданды және таратты деп айыпталып отыр.

Тергеу барысында қаскүнемдердің бір бөлмелі пәтерді жалға алып, онда арнайы жабдық орналастырғаны анықталды. Олар әр 10 күн сайын пәтерге келіп, пайдаланылатын құрылғылардағы sim-карталарды ауыстырып отырған. Тінту барысында полиция қызметкерлері 232 sim-карта мен 2 жиынтық sim-box жабдығын тәркіледі. Бұл құралдар алаяқтық әрекеттерді жүзеге асыру үшін қолданылған, деп жазылған полиция мәлімдемесінде.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Құқыққа қайшы әрекеттердің барлық мән-жайын және ықтимал сыбайластарды анықтауға бағытталған тергеу жүріп жатыр.

Сонымен қатар киберполиция қызметкерлері Қарағанды қаласының 30 жастағы тұрғынын ұстаған. Ол әлеуметтік жәрдемақы алуға және жүргізуші куәлігін дайындауға көмектесу сылтауымен азаматтарды алдап, олардың атына онлайн-несиелер рәсімдеген. Оның 11 эпизодқа қатысы бар екені дәлелденді. Фигуранттың осындай басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Фото: polisia.kz

Байланысты жаналықтар

Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

14.04.2025

Үндістанда алаяқ студенттерді Қазақстандағы оқу орнына түсіріп беремін деп алдаған

13.04.2025

“Қызбен кездесуге”. Италиялық интернетте алданып Оралға ұшып келген

07.04.2025

Қалаларда құрылыс материалдарының бағасы күйіп тұр

06.04.2025

Алаяққа алданған Қайрат Нұртастың әйелі үйін қайтарып алатын болды

18.02.2025

Тұман, көктайғақ... Жолға шыққанда абай болыңыз!

11.02.2025
MalimBlocks
Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

Үндістанда алаяқ студенттерді Қазақстандағы оқу орнына түсіріп беремін деп алдаған

Алданғандар 12 миллион теңге төлеген

“Қызбен кездесуге”. Италиялық интернетте алданып Оралға ұшып келген

Қалаларда құрылыс материалдарының бағасы күйіп тұр

Кірпіш бағасы еліміз бойынша ең қымбат, яғни, 500 данасы орта есеппен 75 000 теңге тұрады

Алаяққа алданған Қайрат Нұртастың әйелі үйін қайтарып алатын болды

Бұл туралы тележүргізуші Динара Сәтжан мәлім етті

Тұман, көктайғақ... Жолға шыққанда абай болыңыз!

Қарағанды облысының шығысындағы жолдарда көктайғақ болады