457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

МӘМС: Қызылордада 427 млн ақша негізсіз аударылған

Қызылорда облыстық прокуратурасы биыл 9 айда атқарған жұмысын қорытындылады.

Бас прокуратураның тапсырмасына сәйкес жергілікті қадағалаушы орган міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін тексерген. 

Тексеру барысында мемлекеттік және жеке ұйымдарға медициналық қызмет үшін 427 млн теңге қаржының негізсіз аударылғаны анықталды. Бұл қаржыны қайтару үшін қадағалау актілері енгізілді, - делінген ведомство хабарламасында. 

Есепті мерзімде 17 мың жұмысшының құқықтары қорғалды. Қадағалау актісімен 629,7 млн теңге жалақы өндірілді. Мемлекеттік «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында жұмыспен қамтылған 2360 жұмысшыға 264 млн теңге жалақы қарызы төленді.

- Бұдан бөлек қадағалау актісінің нәтижесімен 58 орта білім беру ұйымының 1479 қызметкері арнайы киімдермен, жеке қорғаныс құралдарымен қамтылды. Осылайша олардың конституциялық құқықтары қалпына келтірілді, - делінген хабарламада. 

Облыс прокурорлардың аралауымен жер саласындағы заңсыздықтар бойынша 33 адам тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Кадастрлық құны 1,5 млрд теңгені құрайтын 73 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. 350-ге жуық жер учаскесі кәсіпкерлік мақсатқа алынғанымен игерілмеген. Уәкілетті органдар бұл бойынша тиісті шара қабылдайды.

Фото: Kazinform/Freepik