457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Несиесін кешіктірген 300 мыңнан астам қарыз алушыға жаңа тәртіп ұсынылады

IMAGE: ©baq.kz

Биыл шамамен 300 мыңнан астам қарыз алушы кешіктірген несиесін жеңілдетілген тәртіппен қайта төлеуге мүмкіндік алады. Ол үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі арнайы онлайн-платформаны іске қосты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Информбюро31 таратқан мәліметке сәйкес, төлемін 90 күннен артық кешіктірген азаматтар жаңа жүйеге кіріп, өтініш бере алады. Платформа әрбір борышкерге жеке қаржылық жағдайына қарай ыңғайлы төлем жоспарын ұсынбақ.

Жоба проблемалық қарыздардың жиналуын азайтуға бағытталған. Өткен жылы агенттік мерзімі 90 күннен асқан борышкерлерге несие беруге тыйым салған еді. Алайда бұл шара мәселені шешпеді: қайта, қарызданғандардың саны артты. Мәселен, 2023 жылы «қара тізімнен» 280 мың адам шығарылса, биыл оған тағы 300 мыңға жуық адам қосылды. Осы себепті агенттік қарызды ұжымдық реттеу тетігін енгізіп отыр.

Агенттік төрағасы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, жаңа жүйе 1 тамыздан бастап пилоттық режимде іске қосылды. Қазір оған ірі банктермен бірге 12 микроқаржылық ұйым қатысып жатыр. Қарыз алушы өтініш қалдырған жағдайда, оған ыңғайлы төлем кестесі жасалады.


– Әдетте борышкердің бірнеше ұйымға берешегі болады. Бір банк өсімпұлды алып тастаса, екіншісі пайыздық мөлшерлемені азайтуы мүмкін. Ал микроқаржылық компаниялар мұндай жеңілдіктерге бармайды. Жаңа жүйе арқылы әр клиентке өз жағдайына сәйкес төлем жоспары ұсынылады, –


деді Әбілқасымова.

Жаңа ережелер Енді қаржы ұйымдары несие берерде қарыз алушының тек несие тарихын ғана емес, сонымен бірге қаржылық әдеттерін де ескереді: табысты басқару, жинақ жасау, шығын шығару тәртібі назарға алынады. Сонымен қатар, жаңа талапқа сай - банктер төлемін 30 күнге кешіктіргендерге, микроқаржылық ұйымдар төлемін небәрі 1 күнге кешіктіргендерге несие рәсімдемейді.