«Оқушы қыздың өлімі»: Түркістан облысында сот үкімі шықты

Ашық түскен фотосын «әлеуметтік желіге жариялаймын» деп 1 миллион теңге бопсалаған.

Malim Админ

  • 23.05.2024

Түркістан облысында денесі арықтан табылған оқушы қыздың өліміне қатысты сот үкімі шықты. Марқұм Аружан Орынбайдың денесі былтыр сәуірде табылған еді. Ал оны өлтірді деген күдікке жоғары сыныпта оқитын екі ер бала ілінді, деп хабарлайды Malim.kz

«Алматы» телеарнасы айыптау орнында отырған сотталушылар 15 жастағы Аружан Орынбайды өлтірді деп былтыр күдікке ілінгенін, олар бойжеткеннің ашық түскен фотосын "әлеуметтік желіге жариялаймын" деп 1 миллион теңге бопсалағанын мәлім етті.

Сол мезетте арада жанжал шығып, екі жігіт қаршадай қызды өлтіреді. Ал денесін арыққа ағызып жіберген.

Аружанның өліміне мүлдем қатысым жоқ. Мына баланың айтып отырғанының бәрі - жалған. Пышақты сұғып алсам, оны бермей, лақтырып, көзін құртпаймын ба? - деді сотталушы Бейбарыс Берік.

Сотталушы тағылған кінәні сол күйі мойындаған жоқ. Бірақ сот сараптамасының нәтижесінде Аружанның тырнағынан Бейбарыстың терісі шыққан.  

Үш жыл дұрыс деп ойлаймын. Ал мына балаға 16 жыл бергені дұрыс болды. Кешірім сұраған жоқ, мойындаған жоқ. Бірақ сараптамада дәлелденді, - деді марқұмның анасы Динара Зілғараева.

Алайда 16 жылға сотталған Бейбарыс Беріктің анасы үкіммен мүлде келіспейтінін айтты. "Әділдікті талап етемін" деген әйел ұлының ол кезде қойшы ауылда болғанын айтып отыр.

Айта кетейік, бұл - апелляциялық сот отырысы. Бұған дейін Аружанның екі жерінен пышақ тықты деген Бейбарыс Берікке 16 жыл жаза мерзімі берілген. Ал марқұмды сол қаралы кездесуге шақырған Тасқын Төлеп бас бостандығынан шектеу жазасымен құтылған. Алайда ол да үш жылын темір тордың арғы жағында өткізетін болды.

Фото: видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

Түркістан облысының тәжірибесі өзге өңірлердің қызығушылығын арттырып отыр

16.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

16.05.2025

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

16.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025
MalimBlocks
Түркістан облысының тәжірибесі өзге өңірлердің қызығушылығын арттырып отыр

Болашақта жоба кеңейтіліп, 308 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған.

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді