Павлодарда КСРО төлқұжатымен тұрып келген 12 адам анықталды

Құжаты жоқ адамдардың дені ТМД-дағы өзге мемлекеттерден келгендер

Malim Админ

  • 26.09.2024

Павлодар облысының көші-қон қызметі 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортымен тұрып келген тұрғындарды анықтады. Олардың дені – ертеректе ТМД елдерінен көшіп келген.

Ертіс-Баян өңірінің полицейлері ҚР азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды уақтылы алмаған және 18 жасқа толғанда тиісті құжатталмаған адамдарды анықтады. Олардың кейбірі ескі кеңестік төлқұжатпен өмір сүріп келген.

- Жыл басынан КСРО үлгісіндегі ескі төлқұжатпен жүрген 12 павлодарлық анықталды. Бұған қоса 18 жасқа толса да жеке куәлік ресімдемеген 20 азамат, сондай-ақ азаматтығы жоқ, бірақ куәлік ресімдемеген 8 тұрғын анықталды. Олардың барлығына тиісті құжаттары жасалды. Құжаты жоқ адамдардың дені ТМД-дағы өзге мемлекеттерден келгендер, олар сол елдің жарамдылық мерзімі өткен төлқұжатымен жүрген. Көбі КСРО-ның бұрынғы одақтас мемлекеттерінен кәмелет жасына толмай тұрып Қазақстанға көшіп келген, - дейді Павлодар облысы полиция департаменті көші-қон қызметінің бастығы Дәулет Ысқақов.

Аталған азаматтардың тиісті құжаты болмағандықтан олар осы уақытқа дейін түрлі жәрдемақылардан қағылып, мемлекеттік қызметтерді алудан қиындық көріп келген.

Фото: GOV.KZ

Байланысты жаналықтар

Бұдан 53 жыл бұрын ұшырылған ғарыш кемесі Жерге құлады

10.05.2025

Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

08.05.2025

Павлодарда 2 жасар бала 5-қабаттан құлап, комаға түсті

13.04.2025

Павлодарда ер адамды пойыз қағып, мерт қылды

07.04.2025

Павлодарда оңалту орталығының басшысы мүгедектерден тегін қызмет үшін ақша алған

28.03.2025

Павлодар маңындағы далада құрғақ шөп өртенді

25.03.2025
MalimBlocks
Бұдан 53 жыл бұрын ұшырылған ғарыш кемесі Жерге құлады

Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

Павлодарда 2 жасар бала 5-қабаттан құлап, комаға түсті

13 сәуірде Павлодарда 2 жастағы бала 5-қабаттан құлап, ауыр хәлде ауруханаға түсті

Павлодарда ер адамды пойыз қағып, мерт қылды

Павлодарда оңалту орталығының басшысы мүгедектерден тегін қызмет үшін ақша алған

Павлодардағы мүгедек балаларға арналған оңалту орталығында алаяқтық схемасы әшкере болды

Павлодар маңындағы далада құрғақ шөп өртенді

Павлодар маңында 44 гектар құрғақ шөп өртенді. Өртті сөндіруге он сағатқа жуық уақыт кетті