Педофилдің "есімі" - "Адам Адамов". "Жаңа адамдар" арамзаны әшкерелді

IMAGE: ©respublika.kz.media
Түркістанда «Жаңа адамдардың» «124» азаматтық науқаны әлеуметтік желілерде эксперимент жүргізіп, «Адам Адамов» атты жалған аккаунтпен жасырынған педофил болуы мүмкін адамды әшкереледі.
Ер адам 11 жасар қызбен интим байланыс орнатуға тырысқан.
Белсенділер Түркістандағы балалардың жыныстық қол сұғылмаушылығына төнетін қауіп деңгейін тексеру үшін әлеуметтік желіде 11 жасар қыздың анкетасын ашты. Алғашқы күннің өзінде 20 жастан асқан ер адамдардан ондаған хабарлама келді.
Қыздың жасы ешкімді алаңдатпады — керісінше, көпшілігі дәл осы жас ерекшелігі оларды тартатынын ашық мойындады. Кейбір әңгімелесушілер «ересек өмірге үйретуді» уәде етіп, әдепсіз материалдар жіберді.
Солардың ішіндегі ең табандысы - «Адам Адамов» есімді қолданушы болды: ол алғашқы хабарламаларынан бастап «қызды» кездесуге шақырып, интимдік суреттер талап еткен және «мұның еш ұяты жоқ» деп сендірген. Кейіннен хат алмасу ашық түрде интимдік байланысқа итермелеуге ұласыпты: ер адам «ешкім көрмейтін тыныш жер» ұсынды және ұятсыз суреттер жолдапты.
Шын мәнінде , жалған аккаунттың артында 2002 жылы туған Жанарық ауылынан шыққан азамат болып шықты. Сырт көзге — қарапайым азамат, ал шын мәнінде — балаларға қауіп төндіруі мүмкін педофил.
Оқиғаның ақыры былай болыпты: кішкентай қыздың орнына әлеуетті педофилді Жаңа адамдар белсенділері күтіп тұрды. Ер адам құқық қорғау органдары қызметкерлеріне хабарламалармен және барлық материалдармен бірге тапсырылды.
Алина Сұлтанқызы, «Жаңа адамдар»:
«Әлеуетті педофилдер жазасыздықты сезініп жүргенде біз шетте үнсіз қала алмаймыз. Балалардың қауіпсіздігіне қол сұғып, олардың өміріне қауіп төндіретін әркім басты артықшылықтан — анонимділіктен айырылады».
Белсенділер ата-аналарды және барлық азаматтарды балалардың қауіпсіздігіне — интернетте де, күнделікті өмірде де — барынша мұқият болуға шақырады. Өйткені қасымызда дәл осындай рөлде көреміз деп ешқашан ойламаған адам жүруі мүмкін.