Полиция қашып кеткен пдеофилдерге қатысты пікір білдірді

Маңғыстау облысының полиция департаменті екі педофил іздестіріліп жатқаны туралы тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
Бұған дейін желіде Ақтауда "түрмеден педофилдер қашып кеткені" туралы хабарлама тараған болатын.
Облыстық полиция департаменті олар әр 10 күн сайын ішкі істер органдарында белгіленуі керек болғанын, алайда белгіленген мерзімде мұны орындамағанын хабарлады. Енді оларға қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылданады.
"Ішкі істер органдарында тұрақты түрде белгіленуге міндетті кейбір тұлғалар белгіленген тәртіпті бұзды. Солардың бірі Атырау облысының аумағында ұсталды. Ал екіншісіне қатысты кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Анықталғаннан кейін оларға ішкі істер органдарында әр 10 күн сайын міндетті түрде тіркелу және белгілену талаптары түсіндіріледі және қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданад", – деп түсіндірді департаментте.
Еске салайық, Шығыс Қазақстанда бұрынғы полицей кәмелетке толмағандарға сексуалдық зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді. Жәбірленушілердің жасы 16-ға толмаған, ал күдіктілердің жасы – 29 және 35-те. Қазір тергеу іс-шаралары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Фото: Lada.kz