457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстанда педофилдерді кастрациялау ережесі өзгереді

Денсаулық сақтау министрлігі «Ашық НҚА» порталында химиялық кастрация қолдану тәртібіне қатысты түзетулер жобасын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Құжатқа сәйкес, бұл процедураны қолдану туралы шешім сотталған адам бостандыққа шығуына алты ай қалғанда қабылданады. Ал материалдар жазаны өтеу мерзімі аяқталуына 12 ай қалғанда сотқа жолданады — сот-психиатриялық сараптама тағайындау үшін.

Сарапшылар сотталушыда психикалық ауытқулар немесе жыныстық зорлыққа бейімділік бар-жоғын анықтайды.

Өзгерістердің мақсаты — сексуалдық сипаттағы қылмыстардың қайталануын алдын алу тиімділігін арттыру.

Бұған дейін Қазақстанда педофилдерді өмір бойы бақылау жоспарланған еді. Енді әрқайсысы бостандыққа шыққаннан кейін кемінде сегіз жыл ІІМ-нің әкімшілік бақылауында болады.
Фото: freepik.com