Депутат жануарларды піштіру талқыланғанда өзін мысалға келтірді

"Менің бір аталық безімді кесіп тастаса, өзімді сау адам ретінде сезіне алмаймын" деді ол.

Malim Админ

  • 12.12.2024

Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев жануарларды кастрациялау мәселесі талқыланған жиында қарсы пікір білдірді. Ол бұл шара жануарлардың өмірін ұзартады деген тұжырымды құптамайтынын айтты.


«Өткен жолы жануарларға кастрация жасау олардың өмірін ұзартады деген пікір айтылды. Мен мұнымен келіспеймін. Өйткені оның екі себебі бар. Егер біз жануарды операция үстеліне жатқызып, бірдеңесін кесіп алсақ, онда бұл – жануар ауру болып қалды деген сөз. Бұл гуманизмге жатпайды», – деді депутат.

Анас Баққожаев жануарлардың денсаулығын ер адамдардың саулығымен салыстырып өтті.

«Екіншіден, ер адамдар неге қартаяды? Себебі бізде 50-60 жаста гормоналды белсенділік төмендейді. Сондықтан қартаямыз. Бұл жерде өмірді ұзарту туралы сөз қозғауға да келмейді. Жануарларды кастрациялау өмірдің ұзақтығына ешқандай әсер етпейді. Құдай сақтасын, ұят болса да айтайын, менің бір аталық безімді кесіп тастаса, өзімді сау адам ретінде сезіне алмаймын. Мен – мүгедекпін», – деп жануарларды жаппай піштіруге қарсылық танытты депутат.

Анас Баққожаевтың пікірінше, үй жануарларының агрессиясын бәсеңдету үшін кей жағдайда осы әдісті қолдануға болады. Бірақ бұл – кешенді шешім емес. Сондықтан депутат ең алдымен мамандармен кеңесу қажет екенін алға тартты.

Фото: Мәжіліс

Байланысты жаналықтар

Саясаттанушы: Кәсібиліктің орнын арандатушылық басып барады

08.10.2024

«Жалдамалы әскер жанын салып соғыспайды». Рыбакина туралы жанкүйерлер не ойлайды?

01.08.2024

«Не істеп шұбырып жүрсіңдер?!»: Бақыт Сәрсекбаев Олимпиадаға қатысып жатқан боксшыларды сынап тастады

31.07.2024

Байден Трампқа жасалған қастандыққа байланысты мәлімдеме жасады

15.07.2024

«Сұрап алдым». Тұрсынбек Қабатов Қайрат пен Әбдіжаппардың басына түскен жағдайды түсіндірді

11.07.2024

«Шенеуніктерге тыйым салынады»: Ерлан Қарин жаңа заң туралы пікір білдірді

08.07.2024
MalimBlocks
Саясаттанушы: Кәсібиліктің орнын арандатушылық басып барады

Сарапшы маманның айтуынша, үкіметте фейс-бақылау енгізу керек

«Жалдамалы әскер жанын салып соғыспайды». Рыбакина туралы жанкүйерлер не ойлайды?

Жанкүйерлер Елена Рыбакинаның денсаулығына немқұрайлы қарауы кәсібилік емес деп санайды.

«Не істеп шұбырып жүрсіңдер?!»: Бақыт Сәрсекбаев Олимпиадаға қатысып жатқан боксшыларды сынап тастады

Бұл туралы ол facebook парақшасында жазды.

Байден Трампқа жасалған қастандыққа байланысты мәлімдеме жасады

Ол саясат «бейбіт пікірталас алаңы» болуы керек екенін және зорлық-зомбылық ешқашан жауап бола алмайтынын айтты. 

«Сұрап алдым». Тұрсынбек Қабатов Қайрат пен Әбдіжаппардың басына түскен жағдайды түсіндірді

Бұл оқиға қоғамда қызу талқыға түсіп, өнер иелерінің мұндай жағдайға тап болғанын әркім әртүрлі болжады.

«Шенеуніктерге тыйым салынады»: Ерлан Қарин жаңа заң туралы пікір білдірді

Мемлекеттік кеңесші сөз соңында заңда лудомонияға шалдыққандарды сауықтыру мәселесі қарастырылғанын айтты.