Ресей Жоғарғы соты «Яблоко» партиясының Мемлекеттік думаның биылғы сайлауына қатысуына тыйым салды. Осылайша «Родина» партиясының талабы қанағаттандырылды.
Айта кетелік, «Родина» 7 тамызда сотқа жүгініп, «Яблоко» тізімін тіркеуді жоюды талап еткен. Іс барысында партияға үгіт материалдарында зияткерлік меншік талаптарын бұзу және шетелден қаржыландыру алу туралы шағымдар айтылды. Орталық сайлау комиссиясының өкілі де шетелдік қаржыландыруға қатысты деректер барын мәлімдеген.
Дегенмен Жоғарғы сот «Яблоконың» үгіт материалдарында экстремистік сипаттағы үндеулер болғанын растайтын дәлел таппаған.
Партия төрағасы Николай Рыбаков сот шешіміне шағым түсіретінін мәлімдеді. Ресейлік ТАСС агенттігінің хабарлауынша, сот шешімі әлі заңды күшіне енбеген. Партияның апелляция жасауға бес күн мерзімі бар.