Ресей президенті Владимир Путин Ресейдің «көлеңкелі флотына» қатысты Еуропа елдерінің әрекетіне жауап беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Путин Еуропа мемлекеттерінің ресейлік кемелерді ұстап, тексеруін «қарақшылық» деп бағалап, Мәскеу мұндай әрекеттерге «айна-қатесіз» жауап беретінін айтты.
Оның сөзінше, Ресей әскері Еуропалық одақ елдерінің кемелерін ресейлік кемелер ұсталған суларда ғана емес, «қажет әрі орынды деп санаған жерде» басып алуы мүмкін. Ресей президенті бұл аумақтардың қатарында Тынық мұхитын да атады.
Путин Ресей Қорғаныс министріне тиісті тапсырма бергенін жеткізді.
Айта кетейік, соңғы уақытта Еуропа елдері Ресейдің санкцияларды айналып өту үшін пайдаланатын «көлеңкелі флотына» қатысты бақылауды күшейтті.
Маусым айында Ұлыбритания SMYRTOS танкерін тоқтатса, шілде айының соңы мен тамыздың басында Еуропа елдері Ресейдің «көлеңкелі флотымен» байланысы бар деп саналатын South Star және Toa Payoh кемелерін тексеру үшін тоқтатқан.