freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Президент сайлауы: "Жалғыз шауып" бәйге алды

Әлем
Президент сайлауы: "Жалғыз шауып" бәйге алды
https://news.by/

Венгрия парламенті 11 тамызда Андраш Баканы елдің жаңа президенті етіп сайлады.

73 жастағы Баканы президенттікке биліктегі Tisza партиясы ұсынған және ол сайлаудағы жалғыз кандидат болды.
Ұлттық ассамблеядағы жасырын дауыс беруде Бака 140 депутаттың қолдауына ие болып, алтауы қарсы дауыс берді. Виктор Орбан бастаған Fidesz партиясының депутаттары дауыс беруге қатыспады. Андраш Бака бұған дейін Венгрия Жоғарғы сотының төрағасы болған. Ол 19 тамызда қызметіне кіріседі.

Андраш Бака бұған дейін Венгрия Жоғарғы сотының төрағасы болған. Ол сондай-ақ 1991–2008 жылдары Еуропалық адам құқықтары сотының судьясы қызметін атқарған. 2009 жылы Венгрия Жоғарғы сотының басшысы болып сайланғанымен, 2011 жылы Виктор Орбан үкіметінің сот реформаларын сынағаннан кейін қызметінен алынған.
Баканың президент болып сайлануы Венгриядағы саяси биліктің өзгеруімен тұспа-тұс келіп отыр. Биыл сәуірде Петр Мадьяр бастаған Tisza партиясы парламент сайлауында жеңіске жетіп, Виктор Орбанның 16 жылдық билігін аяқтаған еді. ресми кіріседі. Оның өкілеттік мерзімі жаңа Конституция күшіне енгенге дейін немесе ең көп дегенде бес жылға созылады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу