freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Соққыға жығып, есінен тандырған: Алматыда резонанс тудырған видеодағы жүргізуші ұсталды

Оқиға
Соққыға жығып, есінен тандырған: Алматыда резонанс тудырған видеодағы жүргізуші ұсталды
Видеодан скрин

Алматыда жол үстіндегі жанжалдан кейін өзге жүргізушіні соққыға жыққан жол талғамайтын көлік иесі ұсталды. Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды  Malim.kz Tengrinews.kz-ке сілтеп. 

Бұған дейін оқиға Сейфуллин даңғылындағы Forum СОО маңында болғаны хабарланған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, қара түсті жол талғамайтын көлік жүргізушісі кері бұрылып, көлік ағынына қосылмақ болған, алайда басты жолмен келе жатқан өзге жүргізуші оған жол бермеген.

Осыдан кейін жол талғамайтын көлік жүргізушісі қарсыласының машинасын қуып жетіп, оны тоқтауға мәжбүрлеген. Екі көлік те тоқтаған кезде ер адамдар арасында жанжал шыққан. Жарияланған кадрлардан жол талғамайтын көлік жүргізушісі өзіне жақындаған ер адамды ұрғанын көруге болады.

Соққыдан ер адам асфальтқа құлап, есінен танып, денесі құрысып қалған. Өтіп бара жатқан адамдар көмекке ұмтылған, ал шабуыл жасаған адам дәрігерлер келгенше кетіп қалған. Зардап шегуші жедел жәрдем көлігінде есін жиған.

Полиция не деді?

Алматы полициясы сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

"Күдікті анықталып, ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысы Алматы полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды", - делінген хабарламада. 

Полиция жолдағы даулы жағдайлар тек заң аясында шешілуі тиіс екенін ескертеді. Жол қозғалысына қатысушыларға күш қолдану заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу