"Туған қызын шырылдатып, зорлап жатқан". 8 жасар қыздың анасы көпшіліктен көмек сұрады

Әйелі күйеуінің үстінен түскен.

Сабина Асқарқызы

  • 29.05.2024

Көпбалалы әке 8 жасар қызына жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен. Қыздың анасы күйеуін қылмыс үстінде ұстаған, деп хабарлайды Malim.kz

Заңгер, "Human Rights Lawyers" ҚҚ басшысы Ләззат Ракишевадан көмек сұраған әйел мән-жайды баяндап берген.

Сәлеметсіз бе, Ләззәт ханым! Мен 2010 жылы қазіргі сотталған куйеуіме, тұрмысқа шықтым. Ол адамды күйеуім деп айтудан жиіркенемін, есіме де түсіргім келмейді, бірақ, шарасызбын. 2020 жылы 2 қарашада кешкі сағат 18:30 шамасында үйімізде қылмыстың үстінен түстім, яғни 8 жастағы туған қызын шырылдатып, зорлап жатқан жерінен ұстап алдым. Біздің ортақ төрт баламыз бар. Жәбірленуші осы бір тал қызымыз, мен ауру мен саудың күйін кештім. Ертесі зорға жиналып, полиция шақырдым үйге. Ол сол күні үйден қашып кетті, екі күннен кейін полиция іздеп тауып, түрмеге қамалды. Осылай тергеу аяқталып, іс сотқа жіберіледі, - дейді әйел. 

Оның айтуынша, күдікті 2021 жылы маусымда 20 жылға сотталған.

Енді менің қызымды зорлағанның әкесі "немерелерімді көрсет" деп ЧС арқылы талап етті. Мен келісіп, "аталары ғой" деп балаларды жібердім. Ол шал мені балаларыма жамандап, "ол псих баламды өтірік соттатты" деп ауызына келгенін айтқан! Балаларым "ол шалмен кездескіміз келмейді, көргіміз де келмейді" деп жылап отыр! Мен не істеймін? Менің балаларыма неге қысым көрсетеді оның әкесі?? Көмектесіңізші Ләззәт ханым, - деп жазған бүлдіршіннің анасы.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

16.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

Өзеннен арқан арқылы өтпек болған адам суға құлап жоғалды

12.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

Өзеннен арқан арқылы өтпек болған адам суға құлап жоғалды