«Қамқорлығы» үшін 3 млн алған. Шымкентте қылмыстық топтың бірнеше мүшесі ұсталды

Келіспеген жағдайда физикалық және моральдық қысым жасаған

Malim Админ

  • 15.10.2024

Бұл туралы  Polisia.kz сайты хабарлады. 8 қазанда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел іс-шаралардың нәтижесінде ойын-сауық мекемелеріне қылмыстық қамқоршылық көрсеткен жастар тобы қолға түсті.


«Олардың бопсалауға, бұзақылыққа және қаруды заңсыз сақтауға қатысы болғаны туралы мәліметтер алынды. 11 қазанда Шымкент кәсіпкерлерін бопсалауға қатысы бар басқа қылмыстық топтың мүшелері ұсталды. Олар өздерінің қылмыстық қамқорлығы үшін үш миллион теңгеге дейін алған. Келіспеген жағдайда физикалық және моральдық қысым жасаған», - делінген хабарламада. 

Осы деректер бойынша ішкі істер органдарына барлығы 35 фигурант жеткізілген, 100-ден астам тінту шаралары жүргізілді. Қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді.

«Айта кету керек, жыл басынан бері Шымкент қаласында қылмыстық топтардың жолын кесу барысында 30-дан астам атыс және травматикалық қару, оның ішінде бір Калашников автоматы, 15 шолақ мылтық, 11 тапанша, екі винчестер және мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді. Өңірлерде "заң және тәртіп" қағидатын қамтамасыз ету бойынша жұмыс ерекше бақылауда», – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы департаментінің өкілі Қуандық Алпыс. 

Фото: ІІМ 

Байланысты жаналықтар

Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

18.05.2025

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

16.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

13.05.2025

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

12.05.2025
MalimBlocks
Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты