457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Шәріп Серік қол көтергенге емес, балағаттағаны үшін сотталған – журналист

Журналист Ильяс Канбай Шәріп Серікке қатысты үкімнің нақты мән-жайын жария етті

Журналист Ильяс Канбай Шәріп Серікке қатысты үкімнің нақты мән-жайын жария етті, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Todayinfo.kz порталына сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, Шәріп Серікке зорлық-зомбылық емес, балағат сөздер айтқаны үшін әкімшілік жаза қолданылған.

"Үкіммен танысып шықтым. Онда С бірге тұрып жатқан Б-мен жанжал кезінде балағат сөздер айтқаны жазылған. Сот бұл әрекетті Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 1-бөлігі, яғни "Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынас кезіндегі теріс әрекеттер" бойынша саралаған. Мұнда физикалық күш қолдану – ұрып-соғу, шапалақтау немесе жұлқылау секілді әрекеттер қарастырылмаған. Негізгі мән – кемсіту, қорлау не мүлікті бүлдіру", – деп жазды журналист.

Бұл бап бойынша ең жоғары жаза – 5 тәулікке дейін қамау. Журналисттің мәліметінше, бұл үкімнің осылайша жұмсақ болуы – Алия Бутееваның шағым жазбауымен байланысты болуы мүмкін.

Ильяс Канбайдың айтуынша, ол Алматы қалалық полиция департаментінен таңертең нақты ақпарат сұратқан.

"Шын мәнінде, егер Алия Бутеева шағым жазғанда, Шәріп Серікке "Ұрып-соғу" бабы бойынша 5 емес, 50 тәулікке дейін әкімшілік жаза тағайындалуы мүмкін еді", – деді ол.

Фото: Коллаж Malim.kz