Шерзат Болаттың ісі қашан сотқа жолданады?

Прокуратура органдары істі сотқа жолдар алдында брифинг өткізеді деген ақпарат тарады

Malim Админ

  • 15.01.2025

Талғар ауданында кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс келесі немесе одан кейінгі аптада аптасында сотқа жолданады. Бұл туралы бүгін депутат, заңгер Абзал Құспан айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Өткен жылдың желтоқсан айында бізге «қаңтар айының аяғына дейін қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдаймыз» деген болатын. Іс бойынша күдіктілердің бәрі қамауда, олардың әрқайсысына  қатысты тиісті құқықтық баға берілді. Әзірге осы. Менің ойымша келесі апта, болмаса, одан кейінгі аптада іс сотқа жолдануы керек. Прокуратура органдары істі сотқа жолдар алдында брифинг өткізеді деген. Әзірге маған берілген ақпарат осы», - деді Абзал Құспан.

Айта кетейік, бұған дейін Ішкі істер министрлігінің өкілдері қылмыстық іс 2024 жылдың аяғына дейін сотқа жолдануы мүмкін деген еді. Журналистер Абзал Құспаннан бұл болжам неге жүзеге аспай қалғанын сұрады.

Тергеудің өз қиындықтары бар. Мен прокуратура органдарында да жұмыс істедім, адвокат та болдым. Кейде жоспар жүзеге аспай қалады. Өйткені, жауап алатын куәгер келмей қалады. Сарапшылар маңызды сараптаманы уақытында аяқтап үлгермей жатады. Ал ол куәгер, не сараптамасыз істі сотқа жолдай алмайды», - деп түсіндірді Абзал Құспан.

Фото: ашық дереккөз 

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

14.04.2025

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

14.04.2025

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

11.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

Байшуақов ірі мөлшерде қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды