Бәліш ішіндегі тышқанның жүні. Мектеп асханасы жабылды
Семейде нан өнімдерінен тышқанның жүніне ұқсайтын зат табылған соң, мектеп асханасы жабылды. Ата-аналардың шағымынан кейін асхана тексеріліп, кәсіпкерге санитарлық ережелерді бұзғаны үшін 600 000 теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл туралы Malim.kz Stan.kz сайты мен КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бір апта бұрын ата-аналар отыратын чатта жеуге жарамсыз салмасы бар үшпучмактың суреті тарады. Шағымнан кейін комиссия мектепке рейд жасап, тамақтандыру қызметіне жауапты мектеп директорына сөгіс жарияланды. Асхананың өзі санитарлық органдар тарапынан мұқият тексерілді. Осылайша құқықбұзушылықтар анықталды. Десе де орган өкілдері нақты мәлімет айтпады. Олар нан өнімдерінен басқа ешқандай заттар табылмағанын айтты.
Кәсіпкер бұзушылықтарды түзетіп, жаңа жұмыс істеуге рұқсат алғанша асхана жабылады. Бір қызығы, мектептің өзі де, оның асханасы да қыркүйек айында ғана ашылған.
“Анықталған құқықбұзушылықтар үшін жеке кәсіпкерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша хаттама толтырылды. Сонымен қатар, кәсіпкердің мектеп асханасындағы қызметін уақытша тоқтату туралы жедел әрекет ету шараларын қолдану жөнінде қаулы шығарылды”, – деді Семей қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Шыңғыс Чокушев.
Айта кетейік, бұған дейін Семейде мектеп асханасындабәліштің ішінен тышқанның жүні табылған еді.
Фото: видеодан скрин