Шымкент әкімдігінде күзет күшейтіле ме?
Күдікті шенеунікке қарай үш рет оқ атқан

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, ресми өкіл Сәрсен Құранбек әкімдікте күзеттің күшейтілмейтіндігін айтты, - деп хабарлайды Malim.kz.
Қалай болды сол қалпында қалады. Қалай өмір сүрдік, солай өмір сүре береміз. Ешнәрсе өзгермейді, — деді ол.
Сондай-ақ, Руслан Берденовке оқ атқан күдіктіні полиция қызметкерлері ұстағанын жеткізді.
Берденовтің жүргізушісі күдіктінің ұсталуына әсер еткен болса керек. Бұл тергеу барысында анықталатын дүние. Көлігімен жанап өткен болуы керек. Ұстауға көмектескен болуы керек. Бірақ полиция қызметкерлері ұстағанын айтқым келеді, — деді Сәрсен Құранбек.
Айта кетейік, Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасалған болатын. Күдікті шенеунікке қарай үш рет оқ атқан. Оқиға салдарынан әкімдік қызметкері жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Фото: Шымкент әкімдігі