Талғардағы оқиға: күдіктінің анасы Президентке үндеу жолдады

Айтуынша, күдіктілердің санын толтыру үшін оның ұлын жазықсыз қамауға алған

Мадина Қайнарова

  • 17.10.2024

Талғарда Шерзат Болаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша ұсталған жігіттердің бірінің анасы видеомен үндеу жариялап, Президенттен көмек сұрады. Айтуынша, күдіктілердің санын толтыру үшін оның ұлын жазықсыз қамауға алған.

Видео kris_p_talgar паблигінде жарияланды.

- БАҚ-та 13 адам күдікті деген ақпарат пайда болды, ал қамауға тек 7 адам ғана алынған еді. Осы адамдардың санын толтыру үшін менің ұлым Казакенов Арлан мен оның досы Розыбакиев Юлдашты жазықсыз қамады. Оларға қылмыс туралы хабарламады және жасырды деген айып тағылып отыр. Бірақ шындығында олар екеуі де оқиға орнында болмаған, қылмыс болып қойғаннан кейін бірақ келген, - деп түсіндірді Лейла Казакенова.

Ол Мемлекет басшысына, Бас прокурорға және ІІМ басшысына үндеу жасап, ұлын үйқамаққа жіберуді сұрады.

Алматы облыстық Полиция департаменті бұл үндеуге қатысты ресми жауап берді. Ведомствоның хабарлауынша, ұсталғандардың екеуі де бұл қылмыс жайлы хабардар болған.

- 13 қазанда үш күдікті қамауға алынды. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 434-бабы «Қылмыс туралы хабарламау» бойынша айып тағылды. Жүргізілген тергеу амалдары бойынша күдікті К.-нің қылмыс жайлы хабардар болғаны анықталды. Сот санкциясымен ол екі ай мерзімге қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстық істі толық және объективті зерттеу үшін барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның аясында бұл іске қатысы бар адамдардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі, - деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.

Фото: видеодан скрин

Байланысты жаналықтар

Нығматулиннің ұлына рейдерлік жасады деген айып бойынша қылмыстық іс қозғалды

01.04.2025

Павлодар облысында өгей қызын зорлаған күдікті ұсталды

01.04.2025

Шерзат Болаттың әпкесі өзіне қол салмақ болды

01.04.2025

Францияда белгілі оппозиция басшысы Марин Ле Пен бас бостандығынан айырылды

31.03.2025

Қазақстан туын қорлағандарға қылмыстық іс қозғалды

27.03.2025

47 жыл өлім жазасын күткен ер адам қомақты өтемақы алатын болды

25.03.2025
MalimBlocks
Нығматулиннің ұлына рейдерлік жасады деген айып бойынша қылмыстық іс қозғалды

Павлодар облысында өгей қызын зорлаған күдікті ұсталды

Шерзат Болаттың әпкесі өзіне қол салмақ болды

Бұл туралы қоғам белсендісі Жан Ахмадиев мәлімдеді

Францияда белгілі оппозиция басшысы Марин Ле Пен бас бостандығынан айырылды

Қазақстан туын қорлағандарға қылмыстық іс қозғалды

47 жыл өлім жазасын күткен ер адам қомақты өтемақы алатын болды

Жапонияда өлім жазасын 47 жыл күткен Ивао Хакамада есімді азамат кінәсіз деп танылды. Нәтижесінде үкімет оған 217 миллион иен шамамен 1,44 миллион доллар (500 миллион теңгеден аса) өтемақы тағайындады