Теміртауда тұтқын колониядан қашып кетті

Ол үш айдан кейін босатылуы керек еді.

Malim Админ

  • 07.06.2024

Қарағанды ​​облысындағы ең төменгі режимдегі колониядан тұтқын қашып кетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан 32 жастағы Жандос Ошанаев түрмеден қашып кеткен. Ол Қарағандыда тіркелген. Туыстары Теміртауда тұрады.

Бойы – 175 сантиметр. Салмағы – 73 келі. Орта денелі, шашы қара, көзі қоңыр. Сол жақ білегінде 4,5 сантиметр күйік тыртығы бар. Оң қолының ортаңғы саусағында сақина түріндегі татуировкасы бар.

Сотталғанның мекен жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларына түзеу мекемесінің жеке құрамы мен Қарағанды ​​облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жеке құрамы тартылды, – деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті. 

Қызметтік тергеу басталды. Қашқынға жазасын өтеуден жалтарғаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

Төтенше жағдай туғызған лауазымды тұлғалар тәртіптік жазаға тартылады.

Кейбіреулеріне салғырттық танытқаны үшін қылмыстық іс қозғалған.

Тұтқын үш айдан кейін босатылуы керек еді. Бірақ ол жазасының аяқталуын күтпей, қашып кеткен.

Кімде-кім сотталушының қайда екені туралы мәліметті білетін болса, Қарағанды ​​облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 87212 30 00 21 нөміріне немесе полицияның 102 нөміріне хабарласуын сұраймыз, – делінген хабарламада.

Фото: Рatriotkaragandy Instagram-арнасы

Байланысты жаналықтар

Екібастұзда Бірінші дүниежүзілік соғыс тұтқындарының зираты табылды

18.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

"Адам зорлауға оқталды". Қарағанды облысында ауыл әкімі қамауға алынды

12.05.2025

Сотталғандарды колонияларда ұстау ережелеріне өзгерістер енгізіледі

09.05.2025

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025

Украина мен Ресей бір-бірімен 205 тұтқынды алмастырды

06.05.2025
MalimBlocks
Екібастұзда Бірінші дүниежүзілік соғыс тұтқындарының зираты табылды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр