Түркістан облысында қорапқа салынған сәбидің мәйіті табылды
Полиция департаменті бұл факт бойынша қала тұрғыны анықталып, ұсталғанын хабарлады.
Түркістан облысында сәбидің өлі денесі табылды, деп хабарлайды Malim.kz.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, белгісіз адам ай-күні жетпей туған сәбиді №2 облыстық перинаталдық орталыққа тастап кеткен. 20-21 апталық қыздың өлі денесі қорапта болған.
Нәресте табылған соң бірден полиция қызметкерлері шақырылды. Оқиға болған жер тексеріліп, сот-медициналық сараптамаға тағайындалды.
Шымкент қалалық Полиция департаменті бұл факт бойынша қала тұрғыны анықталып, ұсталғанын хабарлады. Қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Фото: istockphoto.com