Жамбыл облысында бұрынғы полицейді өлтірді деген күдікті қамалды

Қазір ол уақытша ұстау изоляторында

Malim Админ

  • 06.04.2025

Әлеуметтік желіде маньяк деп айдар тағылып, халықты дүрліктірген күдікті ұсталды.


Оқиға 31 наурызда таңертең басталған. Аптаның басында Тараздағы саябақтардың бірінде серуендеп жүрген әйел аяусыз өлтірілген адамның денесін тапқан. Адам танымастай зақымдалған мүрденің иесі бұрын полицияда істеген болып шықты.

Осыдан кейін жергілікті пабликтерде басқа да азаптап өлтірілген адамдардың мүрделері бейнеленген видеолар тарап, құрбандығын балға мен балтаның көмегімен өлтіретін қанқұйлы адамның пайда болғаны туралы қауесет тараған еді. Ақыры полиция жөн-жосықсыз тарап жатқан мәліметтерді теріске шығарып, ресми мәлімдеме жасауға мәжбүр болған.

Бүкіл облысты дүрліктірген күдікті оқиғадан бір күн өткенде қолға түскені хабарланды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамаулы, тергеушілердің сұрағына жауап беріп жатыр.

Фото: Polisia.kz

 

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

13.05.2025

Мемлекеттік рәміздерге жауапкершілік күшейтіледі

11.05.2025

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

10.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

Мемлекеттік рәміздерге жауапкершілік күшейтіледі

Конституциялық заңға өзгеріс енгізіледі

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды