457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жеке деректердің таралуына қатысты тексеру жүргізіліп жатыр

Әлеуметтік желілерде Қазақстан азаматтарының жеке деректері тарады деген ақпаратқа байланысты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) ресми мәлімдеме жасады. 


Министрліктің хабарлауынша, ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитеті құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп, ұсынылған ақпараттың шынайылығы мен өзектілігін анықтау мақсатында кешенді тексеру жүргізіп жатыр.

Алғашқы талдау бұл деректердің мемлекеттік емес, яғни жекеменшік ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін екенін көрсетті. Қазіргі таңда мемлекеттік ақпараттық жүйелерге жасалған кибершабуыл немесе деректердің таралу фактілері тіркелген жоқ, - делінген ведомство хабарламасында.

Министрлік тексеру толық аяқталғанға дейін қандай да бір қорытынды жасауға ерте екенін ескертті. Сонымен қатар азаматтардың дербес деректері таралған жағдайда, бұл туралы eGov порталы арқылы жеке кабинеттеріне хабарлама жолданады.

Бұған дейін де осындай жағдайларда жарияланған мәліметтер ескі ақпараттық базалардан — негізінен қызмет көрсету салалары мен микроқаржы ұйымдарынан алынған болатын, — деп нақтылады министрлік.

ЦДИАӨМ бұл жағдайды бақылауда ұстап отыр және қосымша ақпарат тексеру нәтижелері бойынша жарияланатынын мәлімдеді.

Фото: freepik