Жезқазғанда «MetaGo» қаржы пирамидасы ұйымдастырушысына қатысты тергеу аяқталды
Күдіктілердің тапқан табысы 68 млн теңгеден асқан.
Ұлытау облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Malim.kz.
Қаржылық мониторингі агенттігінің мәліметінше, екі азамат 9 айдан астам уақыт бойы «MetaGo» қаржы пирамидасын жарнамалаумен айналысқан, сондай-ақ оның Жезқазған қаласындағы филиалын басқарған. Олар жоғары табысты уәде ете отырып, компанияға облыс тұрғындарының қаржысын тартқан.
Күдіктілердің тапқан табысы 68 млн теңгеден асқан. Құны 37 млн теңгеден астам мүлкі бұғатталды.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат таратылуға жатпайды.
Фото: Zakon.kz