Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Күн райына байланысты үш өңірде көлік қозғалысы шектелді

Қоғам
Күн райына байланысты үш өңірде көлік қозғалысы шектелді
Pexels

6 қаңтар сағат 15:00-де ауа райының бұзылуына байланысты үш өңірдегі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлеріне шектеу қойылды. Бұл туралы ҚазАвтоЖол компаниясы мәлім етті. 

 Қарағанды облысы:

— «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 1067-1135 шақырым аралығы (Молодежный ауылы — Павлодар облысының шекарасы);

— «Қалқаман — Баянауыл — Үміткер — Ботақара» автожолының 231–324 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы — Ботақара ауылы);

— «Астана — Қабанбай батыр — Нұра — Теміртау» автожолының 51-101 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасынан Нұра елді мекеніне дейін).

Ақмола облысы:

«Астана — Қабанбай батыр — Нұра — Теміртау» автожолының 35-51 шақырым аралығы (Қабанбай батыр ауылы — Қарағанды облысы шекарасы).

Павлодар облысы:

— «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 1135-1206 шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасы — Шідерті ауылы).

— «Қалқаман — Баянауыл — Үміткер — Ботақара» автожолының 0-231 шақырым аралығы (Қалқаман ауылы — Қарағанды облысының шекарасы).

Жолды 2026 жылғы 6 қаңтар сағат 22:00–де ашу жоспарланған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу