freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Маңғыстаулық екі жасөспірім Каспий теңізіне батып кете жаздады

Қоғам
Маңғыстаулық екі жасөспірім Каспий теңізіне батып кете жаздады
Фото: видеодан скрин

Маңғыстау облысының Қарақия ауданындағы Құрық ауылы маңында ТЖМ құтқарушылары Каспий теңізінде жағадан шамамен бір шақырым қашыққа алыстап кеткен екі жасөспірімді құтқарды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға «Ерсай» аумағында болған. Жағалауды патрульдеу кезінде құтқарушылар 2012 және 2013 жылы туған екі жасөспірімді үрлемелі матраспен теңізге алыстап кеткен жерінен байқаған. Құтқарушылар оларға жедел жетіп, жасөспірімдерді қауіпсіз түрде жағаға жеткізді. Медициналық көмек қажет болған жоқ.

ТЖМ мамандары ата-аналар мен ересектерді су айдындарында балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беруге шақырды. Балаларды қараусыз қалдырмай, олардың жағадан алысқа жүзуіне жол бермеу және судағы қауіпсіздік ережелерін алдын ала түсіндіру қажет.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу