Елімізде балалар және жасөспірімдер арасында болып жатқан түрлі оқыс оқиғалар олардың құқығының тиісті деңгейде қорғалуын, жұртшылықтың этикалық жақтан сауатты болуын талап етеді. Осы бағытта Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Медиа-этика және балалар құқықтарын қорғау» дөңгелек үстелін өткізді. Отырысқа қатысушылар кәмелет жасына толмаған балалар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуда ақпараттың да айрықша ықпалы бар екенін жеткізді. Айталық, қатысушылар балалар арасындағы буллинг, кибербуллинг, суицид, зорлық-зомбылық жағдайларының көбеюіне қатысты жұртшылықтың алаңдаушылығын қаперге ала отырып нақты ұсынымдар жасады.
1. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1989 жылғы 20 қарашадағы қарарымен қабылданған «Бала құқықтары туралы Конвенцияның» Ережелерін басшылыққа алу;
2. Мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің және бұқаралық коммуникация құралдарының балалармен байланысты құқыққа қайшы жағдайларды жариялау контекстінде жұртшылықтың медиа-сауаттылығын арттыру жөніндегі күш-жігерін біріктіру;
3.1 «Қазақстан Республикасындағы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» Ұлттық баяндама шеңберінде БАҚ-тың балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алудағы ықпалы тақырыбында зерттеу жүргізуді көздеу;
3.2 балаларға қатысты зорлық зомбылықтың алдын алу тақырыбында семинар мен тренингтер ұйымдастыру;
3.3 журналистерге балаларға қатысты зорлық-зомбылық және суицид фактілерін жария ету бойынша халықаралық құжаттардың ережелерін және қалыптасқан тәжірибені ескере отырып нұсқаулық әзірлеу (балалардың жеке деректерін жария етуге тыйым салу, шамадан тыс егжей-тегжейді жарияламау және т.б.);
3.4 балаларға бағытталған және балалардың қатысуымен жасалған контент әзірлеу.
1. медиа-кеңістікте бала құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған гранттарды қарастыру;
1. телеарналарда өндірілетін сериалдық өнім шеңберінде Балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған тақырыптық желілерді көздеу;
2. бұқаралық ақпарат құралдарында арнайы айдарлар, бөлімдер ашыла отырып, материалдар (мақалалар, сюжеттер, деректі фильмдер, бейнероликтер) санын ұлғайтуды қамтамасыз ету;
3. бұқаралық ақпарат құралдарындағы медиа-этика жөніндегі тұрақты комиссия құру.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі осы ұсынымдардың іске асырылуын бақылайтын болады. Бұл өз кезегінде бұқараның медиа сауаттылығын арттыруға, қауіпті жағдайлардың алдын алуға септігін тигізеді.