Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мектеп оқушысын тонаған ер адам ұсталды

Қоғам
Мектеп оқушысын тонаған ер адам ұсталды

Алматыда полиция көше қарақшысын ұстады. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті хабарлады.

Ол таңғы уақытта мектепке бара жатқан жасөспірімге шабуыл жасаған. Күдікті оқушыны күш көрсетемін деп қорқытып, оның телефоны мен 10 мың теңгесін тартып алған.

Жасөспірімнің анасы полицияға болған оқиға туралы айтқан.

Жедел іздестіру  шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол – Жамбыл облысынан келген 20 жастағы адам.

"Айғақ зат тәркіленді. Тергеудің қазіргі кезеңінде күдіктінің осыған ұқсас екі қылмысқа қатысы бар екені белгілі болды. Ұсталған адам қамауға алынды", – деп жазылған хабарламада.

Фото: көше камерасынан алынған кадр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу