freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Мөлдір бұлақ»: Алматыда өзен жағалаулары мен қоғамдық кеңістіктер тазартылды

Қоғам
«Мөлдір бұлақ»: Алматыда өзен жағалаулары мен қоғамдық кеңістіктер тазартылды
Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы және «Мөлдір бұлақ» экологиялық бастамасы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық жұмыстары Тіксай және Қазачка өзендерінің жағалау аумақтарын, сондай-ақ қаланың бірқатар учаскесін қамтыды, деп хабарлайды Malim.kz.

Сенбілік Кеңсай-3 аумағында, Тіксай өзенінің жағасында, Думан шағынауданында, Бұқтырма көшесінің бойында, сондай-ақ Қазачка өзені көшесі, 185 мекенжайы маңында жүргізілді.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, сенбілікке 14 бірлік арнайы техника жұмылдырылып, көшелер мен аулалар, жасыл аймақтар мен қоғамдық кеңістіктер тазартылды. Шамамен 3 гектар аумақ ретке келтіріліп, 5 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

«Таза Қазақстан» және «Мөлдір бұлақ» акциялары аясындағы сенбіліктер қаланың тазалығын сақтау, қоғамдық кеңістіктерді көркейту және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

Санитарлық тазарту мен көріктендіру жұмыстары жалғасын таппақ. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу