Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, «жинақталған мұнай көлемінің шамадан тыс көп бөлігі санкцияға ұшыраған экспорттаушыларға тиесілі», деп хабарлайды Malim.kz.
Сарапшылардың айтуынша, мұндай өсімнің бір себебі – Батыс санкцияларының күшеюі. Соның салдарынан ресейлік мұнай кейбір кемелерде қалып, түсіріле алмай жатыр. Бұл туралы Clarksons Securities компаниясының талдаушылары мәлімдеген.
Тамыз айының соңынан бері танкерлердегі мұнай көлемінің шамамен 40%-ы Ресей, Иран, Венесуэла елдерінен шыққан немесе шығу тегі белгісіз отынға тиесілі. Төменгі есеппен алғанда (шамамен 20%) бұл көрсеткіш аталған үш елдің әлемдік мұнай өндірудегі жиынтық үлесінен (17%) де жоғары, деп жазады Bloomberg.
Агенттіктің түсіндіруінше, мұнайдың теңіздегі танкерлерде жиналуы оның мүлде сатылмайтынын білдірмейді. Алайда мұндай өсім санкция салынған елдердің экспорттық кірісін азайтып, мұнай нарығына да әсер етуі мүмкін.
Сарапшылардың болжамынша, әлемдік нарықта мұнай ұсынысының артық болуы ықтимал.