Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Наразылық дүмпуі. Көшербаев кетті, Қарин келді

Саясат
Наразылық дүмпуі. Көшербаев кетті, Қарин келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы қызметінен Қырымбек Көшербаевты босатып, бұл орынға Ерлан Қаринді тағайындады. Сондай-ақ, Ерлан Қарин бұған дейінгі қызметі- президент көмекшілігі лауазымынан босатылды.

Бұл ауыс түйістер бірнеше қаладағы қарсылық, наразылық шараларынан кейін болып отыр. Наразылық дүмпуінен кейін президент үкіметті отставкаға жіберіп, премьер-министрдің міндетін уақытша атқаруды Әлихан Смайыловқа жүктеді.

Жаңа жылда газ бағасының екі есе қымбаттауынан шыққан наразылықтың соңы Маңғыстау облысы мен Алматы қаласында төтенше жағдай енгізілумен ұласты. Президент жарлығы бойынша, 5 қаңтар мен 19 қаңтар аралығында Маңғыстау облысы мен Алматы қаласы төтенше жағдай режимінде болады.


 

 

 

 

 

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу