Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

НАТО бас хатшысы: Еуропа АҚШ-сыз өзін қорғай алмайды

Әлем
НАТО бас хатшысы: Еуропа АҚШ-сыз өзін қорғай алмайды
Фото: Julia Demaree Nikhinson/AP Photo/dpa/picture alliance

НАТО-ның бас хатшысы Марк Рютте Еуропарламенттің қорғаныс және сыртқы істер комитеттері мүшелерімен өткен кездесуде Еуропа таяу болашақта АҚШ-тың көмегінсіз өзін қорғай алмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

«Егер мұнда біреу Еуропалық одақ немесе жалпы Еуропа АҚШ-сыз өзін қорғай алады деп ойласа, армандай берсін. Бұл мүмкін емес», – деп AFP агенттігі Рюттенің сөзін келтіреді.

Осы орайда ол АҚШ-тың ядролық қалқанын «біздің еркіндігіміздің басты кепілі» деп атап, өз ұстанымымен келіспейтіндерге «сәттілік» тіледі.

Сонымен қатар Рютте «АҚШ НАТО-ға Канада мен еуропалық одақтастар сияқты мүдделі» екенін айтты.

«Еуропа мен Канаданың өз қауіпсіздігі үшін көбірек жауапкершілік алуы әділетті әрі орынды болар еді. Жақсы жаңалық – олар бұл бағытта қадам жасап жатыр», – деді альянс бас хатшысы.

Рюттенің айтуынша, егер Еуропа шынымен де «дербес әрекет еткісі келсе», қорғаныс шығындары 2025 жылдың маусымында НАТО елдері келіскендей ЖІӨ-нің 5%-ына емес, 10%-ына дейін өсуі тиіс.

Сонымен қатар ол еуропалық ядролық әлеуетті арттыруды да үлкен мәселе ретінде атады: «америкалық ядролық қалқаннан» айырылған жағдайда бұл «миллиардтаған еуроға» түседі.

Рютте біртұтас еуропалық армия құру идеясын да сынға алды. Оның пікірінше, ұлттық қарулы күштерге қосымша мұндай құрылымдардың пайда болуы «көптеген қайталанатын жүйелерге» әкеліп, жағдайды одан әрі күрделендіреді.

Рюттенің ойынша, егер НАТО аясынан тыс бірыңғай еуропалық армия құрылса, Ресей президенті Владимир Путин «бұған қуанады».

Еске салсақ, АҚШ НАТО бойынша негізгі міндеттемелердің басым бөлігін Еуропаға жүктеуді жоспарлап жатқаны белгілі болған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу