Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Назарбаевтың құдасы қайтыс болды

Спорт
Назарбаевтың құдасы қайтыс болды

Қазақстанның «Құрметтті теміржолшысы», Отырар ауданының «Құрметті азаматы» Әмет ӘЛИЕВ 95 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Бұл туралы facebook-те Ерсұлтан ӘМІРБЕК есімді азамат жазды.

Әмет Әлиев белгілі хирург Мұхтар ӘЛИЕВТІҢ туған ағасы.

«Мұқым ел ардақтаған Мұхтар Әлиевтің білім алуына шарапаты тиіп, шапағатын көрсеткен туған ағасы Әмет Әліұлы еді. Бір анадан туып, «өзім оқымасамда, інім оқысын»- деп, өзі ауылда шаруа еңбек етіп, Мұхтар інісіне ағалық қамқорлық жасаған ағасы Әмет қария бейнеттің зейнетін көріп, ұлтжанды ұрпақ тәрбиеледі. Қазақстанның “Құрметті теміржолшысы”, Отырар ауданының “Құрметті азаматы” дәрежесіне жеткен Әмет Әлиев бүгін 95 жасқа қараған шағында дүние салды», - деп жазды Ерсұлтан Әмірбек.

Әмет Әлиевтің жаназасы ертең Шымкент қаласындағы Самал мөлтек ауданында өтеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу