8 күннен бері табылмай жатыр. Оралдық жасөспірімге іздеу салынды

Орал қаласына қарасты Деркөл кентінің тұрғыны, 17 жастағы Артем Сармановқа іздеу жарияланды.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталған жасөспірім 24 ақпан күні шамамен сағат 07.45-те № 12 орта мектепке шығып кеткеннен оралмаған.
Ерекше белгілері: бойы 170 см, денесі арықша келген.
Үстіне капюшоны бар қара күрте, қара трико, аяғына қара кроссовка киген. Өзімен бірге Айфон 11 маркалы телефоны бар.
Жасөспірімді көрген-білген жандар болса, 8-777-184-04-90, 8-705-796-68-68 немесе 102 нөміріне қоңырау шалуы сұралады. Қазіргі кезде іздестіру жұмыстары жалғасуда, — деп хабарлады ведомстводан.
Фото: БҚО полиция департаменті