457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алматы облысында жер сілкінді

 

Алматы облысында, Кеген ауылы мен Қырғызстан шекарасына жақын маңда жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Сейсмология институтының сайтына сілтеме жасап.

Қырғыз сейсмологтарының мәліметінше, жер сілкінісі Алматы уақытымен таңғы 8:19-да болды. Магнитудасы – 3.7, ал қарқындылығы – 3.5 балл.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында, Қарқара ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым, ал Қарақол қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 95 шақырым жерде орналасқан. Қырғызстандағы елді мекендерде сілкініс сезілмеді", – делінген хабарламада.

Қазақстан ТЖМ-не қарасты "Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС мәліметі бойынша, эпицентр Кеген ауданында, Қарқара ауылынан 10 шақырым жерде, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 201 шақырым қашықтықта орналасқан.

"Эпицентрдегі есептік қарқындылық сезілмейді", – деп хабарлады ведомство.

Фото: pixabay.com