457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Анасы мен баласы өзенге батып кетті

Іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Алматы облысы ТЖД мәліметінше, құтқарушылар іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

1981 жылғы әйел мен оның 2015 жылғы баласы Талғар өзенінің жағасына барған. Демалыс кезінде олар суға құлап, ағыс алып кеткен. 22 маусым күні сағат 15:55-те Талғар ауданы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы Маралсай шатқалында құтқару-іздеу жұмыстары басталған.

Сағат 18:35-де Республикалық жедел- құтқару жасағының құтқарушылары судан әйелдің мәйітін шығарды. Өзен жағасында баланы іздеу жұмыстары әлі жүріп жатыр. Іздестіру-құтқару операциясына шамамен 110 қызметкер және 20-дан астам техника тартылған, - деп хабарлады облыстық ТЖД.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысында құдыққа құлаған қыз бен оны құтқармақ болған ер адам қаза тапты.

Көрнекі фото: ШҚО ТЖД