Апатқа ұшыраған ұшақтың бортсерігі: Соққы сырттан жасалды

Арман Қайыпхан

  • 27.12.2024

Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі Embraer E190AR ұшағында жұмыс істеген бортсерік Зұлфұқар Асадов Грозный әуежайына қону әрекеттері кезінде ұшаққа сырттан соққы жасалып, жарақат алғанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, үшінші қону әрекетінен кейін «ұшақтың сыртынан біртүрлі дыбыс естілген», ал салонда үрей басталған. Асадов тағы бір сыртқы соққы кезінде қолын жарақаттап, әріптесінің көмегімен жарасын таңып алған.

Бортсеріктің айтуынша, пилот соққы салдарынан қозғалтқыш зақымданғандықтан, ұшақты суға емес, құрлыққа қондыруға шешім қабылдаған: суға қону үлкен жылдамдыққа байланысты ұшақтың бөлшектенуіне әкелуі мүмкін еді. Асадов борттағы оттегі баллонының жарылуы туралы нұсқаны мүлдем жоққа шығарады — ол мұндай нәрсе мүмкін емес екеніне сенімді.

Сондай-ақ Azerbaijan Airlines компаниясы апатқа ұшыраған “ұшақ сыртқы физикалық және техникалық әсерге тап болды” деп мәлімдеді. Компания бұдан артық толық мәлімет бермеді.

Фото: 1news.az

Байланысты жаналықтар

Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

16.04.2025

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

16.04.2025

Алматыда сауда орталығы маңында өрт шықты

15.04.2025

Суықта киімсіз далада ұстаған: қарияларға қатыгездік көрсеткен қызметкер ұсталды

15.04.2025

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

15.04.2025

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

15.04.2025
MalimBlocks
Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

Жамбыл облысының Меркі ауданындағы жанармай құю бекетінде болған оқиғаға қатысты Ішкі істер органдары қылмыстық істі тергеп жатыр

Алматыда сауда орталығы маңында өрт шықты

Желіде Алатау ауданындағы "Алатау" сауда орталығы маңында қою түтін бейнеленген видео тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, Самғау шағынауданында қойма өртеніп жатыр

Суықта киімсіз далада ұстаған: қарияларға қатыгездік көрсеткен қызметкер ұсталды

Ақсуда пансионат қызметкері​​​​​​​ қарияларға қатыгездік көрсеткен

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

Оқиға 14 сәуірде «Жансая» базарының маңындағы теміржол өткелінде болған

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

Алматыда полицейлер саябақтағы оқыс оқиғаға қатысты тексеріс бастады