Ақтау көшелерінде аш жүрген жыртқыш байқалды

Ақтауда 15-шағынауданда тұрғындар бейнежазбаға түсіріп алған жыртқыш көпшілікті таңғалдырды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
Жыртқыш жануар аш қалған соң қалаға келген болуы мүмкін.
Lada.kz мәліметінше, ECOJER қауымдастығының өңірлік экологиялық кеңесінің төрағасы және ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы қоғамдық кеңестің мүшесі Әділбек Қозыбақов видеоға түсіп қалған жануардың қорқау болуы ықтимал екенін айтты.
Кадрлардан аңның қала ішінде жүгіріп жүргені, тамақ іздеп жүргені байқалады. Қозыбақовтың айтуынша, ол жабайы табиғаттан, яғни дала жақтан келген болуы мүмкін.
Бұл – Ақтауда тіркелген алғашқы жағдай емес. 2024 жылғы сәуірде дәл осы 15-шағынауданда екі күн қатарынан тұрғындар қарсақ түлкісіне ұқсайтын жыртқыштарды байқаған.
Фото: infoabad.com