Ақтауда із-түзсіз жоғалған ер адам 8 күннен бері іздестіріліп жатыр

Ақтауда із-түзсіз жоғалған ер адам 8 күннен бері іздестіріліп жатыр. Ерлан Есмагамбетов Кендерлі демалыс базасы маңында жоғалып кеткен. Ер адамды іздеуге Lider.kz іздестіру-құтқару қозғалысының еріктілері қосылды,

Сұлу Бөлек

  • 24.03.2025

Ақтауда із-түзсіз жоғалған ер адам 8 күннен бері іздестіріліп жатыр. Ерлан Есмагамбетов Кендерлі демалыс базасы маңында жоғалып кеткен. Ер адамды іздеуге Lider.kz іздестіру-құтқару қозғалысының еріктілері қосылды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Lider.kz ұсынған мәліметке сәйкес, Ерлан Есмагамбетов 17 наурызда таңғы 05:00-де Кендерлі демалыс базасынан Ақтауға жету үшін жолай көлікке отырған. Біраз жүріп өткен соң, ол көліктен түсіп қалған. Негізгі жолға дейін шамамен 20 минут жаяу жүруі қажет болған.

Қазір Ерлан Есмагамбетовтың қайда екені белгісіз. Оның бойы 170-175 сантиметр, орта денелі, көзі қара, шашы қысқа. Үстінде "АТФ" жазуы бар қара бушлат, қара шалбар және қара кроссовка болған. Ерлан Есмагамбетов Ақтауда, 17-шағынаудандағы №3А үйде тұрады.

"Оны көрген немесе қандай да бір ақпарат білетін жандардан +7 (700) 499-72-92 немесе 102 нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада. 

Фото: Lada.kz

Байланысты жаналықтар

Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды

15.05.2025

АҚШ-та 63 жыл бұрын жоғалып кеткен әйел аман табылды

07.05.2025

Ақтау көшелерінде аш жүрген жыртқыш байқалды 

06.05.2025

Ақмола облысында алты жасар бала бес күннен бері табылмай жатыр

05.05.2025

Ақтауда су арнасынан өлі шаяндар табылды

04.05.2025

Ақтауда киімін далаға ілген әйел айыппұл арқалады

29.04.2025
MalimBlocks