Ақтауда құлаған ұшақтың «қара жәшігі» Қазақстанға жеткізілді
Жақында алдын ала есеп жарияланады

Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігі Бразилияға зерттеуге жіберілген еді. Оның елге жеткізілгені жайлы Көлік министрлігі мәлімдеді деп хабарлайды Malim.kz.
Қазақстанға келген борттағы өздігінен жазғыштың шифрланған деректерін мамандар зерттеп жатыр, деп хабарлады ведомстводан.
Сондай-ақ, Көлік министрлігінен әуе апатын тергеу жөніндегі комиссиясы ИКАО-ның 13-қосымшасының стандарттары мен ұсынылған практикасына сәйкес барлық факті мен материалды егжей-тегжейлі зерделегеннен кейін алдын ала есеп жариялайтынын жеткізді. Онда тергеу барысы туралы анықталған нақты ақпарат ұсынылады.
Фото: ТЖМ