Нартай Сауданбекұлы: «Әр баланың ішінде ашылмаған қара жәшік бар»

Қарағандыда болған жайт қатты әсер етті

Олжас Қасым

  • 20.05.2024

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикасына сенсек, әрбір 40 секунд сайын әлемде бір адам өзін өлімге қиып, мерт болады. Қазақстанда да жастар арасындағы суицид оқиғаларының көп болуының артында бірнеше фактор тұр. Оған бірден-бір себеп балалар арасындағы буллинг, яғни, әлімжеттік. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне назар салсақ, елімізде 11-15 жастағы әрбір бесінші бала  буллингтің құрбаны немесе қатысушы болады. Аталған проблеманы азайтудың амал-тәсілдерін қалай қарастырамыз? Жуырда осы әлеуметтік кеселдер жөнінде түсірілген «Қара жәшік» толықметражды көркемфильмі көрерменге ұсынылмақ. Malim.kz тілшісі кинотуындының Бас продюсері Нартай Сауданбекұлымен сұхбаттасқан еді.    


- Нартай мырза, көрермен назарына маусымның 6-нан бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларында «Қара жәшік» атты толықметражды көркем фильмі прокатқа шығады екен. Бұл туындының айтар ойы қандай?   

- Иә, жобамыз үлкен экранға шығуға дайын. Аталған фильм өте ауыр жасөспірімдер арасындағы суицид деген қоғамдық проблематиканы көтереді. Өзім әке болғандықтан, осы қоғамның бір бөлшегі болғандықтан, өнер саласында 20-дан астам жыл жүріп, әр туындымды қоғамдық мәселелерге арнап келемін. Қалай болғанда да, нақты шешуші бағасын көрермен бере жатар. Маусымның алтысынан бастап еліміздің түгел кинотеатрларынан «Қара жәшік» толықметражды көркемфильмін көруге болады.

- Кино мәселесіне келгенде, мамандардың көбі комедия жанрына қатты көңіл бөледі. Сіздердің жанрларыңыз керісінше...

- Комедиялар да керек қой, әрине. Және олардың саны да көп. Бүгінгі күні қазақ киносы ерекше қарқынмен дамып келеді. Бұл қуантатын үрдіс. Бірақ, біздің таңдаған жанрымыз көрерменге ой беріп, көңілін толқытатын кино. Арасында триллер, детектив, драма, бәрі бар. Тек күлетін тұстары жоқ. Себебі, «Қара жәшік» ауыр кино...

- «Қара жәшік» фильмінің идеясы қалай туындады?

- Бастапқыда бұл Хабар арнасының тапсырысымен түсірілген телехикая еді. Көрермен оң бағасын беріп, телехикаяның рейтингісі айтарлықтай жоғары болды. Кейін сол оқиға ізімен толықметражды фильмді дайындау идеясы туындады.

- Бұған дейін режиссер Мұрат Есжан «Міржақып. Оян қазақ!» сериялын фильмге айналдырғанын білеміз. «Қара жәшік» фильмнің сериалдан айтарлықтай айырмашылығы бар ма? 

- Әр жобада сол жобаға қатысты адамдар тек өздеріне ғана тән бір із қалдырып отырады. Телехикаяны түсіру барысында Ерсін Айтмұқаш есімді бауырымызды продюсер ретінде шақырған болатынмын. Ал енді толықметражды фильмге келгенде, бұл жобаға мүлдем қатысы жоқ, сырттан бір өзгеше ой алып келетін, толықметражды киноға жаңа тыныс беретін продюсер керек болды. Сол орайда, кезінде Жетінші арнаның бас продюсері болған, бірталай қызықты жобалардың авторы Азамат Атагелді есімді тәуелсіз продюсерді әріптестікке шақырдым. Ол продюсердің мойнына жүктелген негізгі міндеттер – телехикаяның желісін қатты бұзбай, қажет болса, кейбір сахналарды қайта түсіріп, қоғамға ой сала алатын сапалы толықметражды көркемфильмді әзірлеп, прокатқа шығару еді. Енді көрерменнің бағасын күтеміз. Күні кеше киноны бірнеше рет толықтай қарап шықтым. Көрерменге спойлер ретінде айтарым, өзгерістер бар... Ал қалғанын кинотеатрдан көре жатарсыздар.

"Қара жәшік" сериалынан скрин 

- Кинодағы оқиғалардың кейбірі өмірден алынған екен. Мәселен, жастарды өлімге итермелеген «Көк кит» пен «Қара жәшік» арасында қандай да бір байланыс бар секілді...

- Көк кит (тихий дом)  сияқты ойындар тек Қазақстанда емес, көршілес елдердің де  үрейін алған. Қарағанды, Көкшетау, қаларында құрбандары да болды. Басқа қалаларда да өлім аузынан аман қалғандар бар.

- Жобаны шынайы шығару үшін бұған дейін болған оқыс оқиғалар зерттелген екен. Атап айтсаңыз, мәселен қандай оқиғалар сіздердің назарларыңызды аударды?  ІІМ, Полиция департаменттерімен байланыс орнату арқылы қандай деректерге кезіктіңіздер?

- Жоғарыда айтылғандай, біз статистикаға, Ішкі істер бөлімі  берген мәліметтерді қарап, зерттеп шықтық. Қарағандыда болған жайт қатты әсер етті. Бұл таза ойынның құрбаны болған қыз. Басқа мектептегі буллингті, отбасындағы жағдайдың қиындығын көтере алмаған балалардың тағдырын көргенде жүрегің ауырады.

- «Қара жәшік» фильмі ата-аналар мен мұғалімдерге  балаларға дұрыс тәрбие беруге шақырады. Жұмысқа байланған азаматтарға ұл-қызына бір уақыт көңіл бөлуге шақырады. Ал ұстаздарға мектептің ішінде не болып жатқанын білуге үндейді. Солай емес пе?

- Әрине. Цифрлы әлем деп кейде атой салып жатамыз. Бірақ, сол цифрлы әлемнің кері тұстарын байқамай қалатынымыз бар. әлеуметтік желілер, мессенджерлер, жалпы мобильді телефонның мүмкіндіктеріне тіпті дұрыс баға да бере алмаймыз. Оның астарында қаншалықты пайдалы ақпарат болса, буыны қатпаған баланы улайтын да дүниелер жетерлік. Кейде біз үлкендер, баламызға ақша тапсақ болды деп қателесіп жатамыз. Сол үшін таңнан кешке дейін жанталасып жұмыста жүреміз. Оларға жылулық беретін уақытымыз да болмай қалады. Заманымыздың негізгі мәселесі осы. Соған қоғам назарын аударғым келеді.

"Қара жәшік" сериалынан скрин 

- Кинода көтерілетін буллинг, суицид проблемасы өте нәзік тақырып емес пе?

- Дұрыс айтасыз. Өте нәзік тақырып. Бірақ, кинодағы сөзімді айтайын, әр баланың өліміне, мына біздер, үлкендер кінәліміз. Балалардың өміріне үлкендер жауаптымыз. Әр баланың ішінде ашылмаған қара жәшік бар. Және сол қара жәшіктің құпиясын тек туғандары мен жақындары ғана аша алады. Тек назар аударса болғаны. Жылулық танытып дегендей. Осыны түсінгеніміз абзал!

- Кино арқылы көрерменге айтамын деген ойларыңызды толықтай жеткізе алдыңыздар ма? Сіздер қолға алған «Қара жәшік» ашылды ма?  

- Көпшілікке ақыл айтудан аулақпын. Демек, жоғарыда айтқанымдай, «Қара жәшік»  киносына көрермен өз бағасын берер. Тек уақыт тауып, отбасымен маусымның алтысынан бастап «Қара жәшік» киносын кинотеатрлар желісінен көруді сұраймын.

Сұхбатыңызға рахмет! 

Сұхбаттасқан: Олжас Қасым 

Байланысты жаналықтар

Астанада көп балалы ана балконнан секіріп кетті

26.07.2024

Ақмола облысында 15 жасар қыз өз өзіне қол салды

20.07.2024

Петропавлда ер адам бес қабатты үйдің шатырынан секіріп кеткен

12.07.2024

Павлодар облысында полиция қызметкері өз-өзін атып өлтірмек болды

30.06.2024

Павлодарлық полицейлер суицид жасамақ болған адамды құтқарып қалды

29.06.2024

Баласын өлтіріп, аттракционнан секірді: ІІМ қайғылы оқиғаның мән-жайын айтты

27.06.2024
MalimBlocks
Астанада көп балалы ана балконнан секіріп кетті

Оның ең кіші баласы — 1 жаста. Күйеуі басқа қалада болған. Куәгерлер екеуінің арасында ұрыс-керіс болғанын айтады.

Ақмола облысында 15 жасар қыз өз өзіне қол салды

Полиция тергеу жүргізіп жатыр

Петропавлда ер адам бес қабатты үйдің шатырынан секіріп кеткен

Оқиға 11 шілде күні болған.

Павлодар облысында полиция қызметкері өз-өзін атып өлтірмек болды

Облыстық департамент бұл деректі растады

Павлодарлық полицейлер суицид жасамақ болған адамды құтқарып қалды

Ол адамның туыстарымен жанжалдасып қалғаны білгілі болды

Баласын өлтіріп, аттракционнан секірді: ІІМ қайғылы оқиғаның мән-жайын айтты

Бала диспансерлік есепте тұрған.