«Әрдайым жанында өгей әкесі жүретін»: Таразда 15 жастағы қыз өгей әкесінен бала босанды

Азғындық жасаған өгей әке қамауға алынды

Сабина Асқарқызы

  • 11.02.2025

Таразда 15 жастағы оқушының өгей әкесінен жүкті болғаны анықталды. Екі айлық шақалақтың биологиялық әкесі 54 жастағы азамат екенін ДНК сараптамасы көрсетті. Азғындық жасаған өгей әке қамауға алынды, деп хабарлайды Malim.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

ҚР ҚК 120-бабы,3\1 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды, - дейді Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Оқушының жүкті болғанн мектеп те, емхана да байқамаған. Дәрігерлер тек босанғанда ғана біліпті. Алайда олар оқушы қыздың уақтылы емханаға келіп, тиісті тексеруден тұрақты өтіп тұрғанынын айтады. Әрдайым жанында өгей әкесі жүретін дейді ақ халаттылар.

Жүктілігінің бесінші айында Жамбыл жоғарғы мединицаналық колледжіне ауысқан оқушы оқу жылының ортасында босанған. Қазір ол академиялық демалыста.

Ал екі айдан бері нәрестені «немерем» деп келген өгей әке қамауға алынды. Қазір полиция департаменті өгей әкенің қаршадай қызды қанша жылдан бері қорлап келгенін анықтап жатыр. 

Бұл қыз дәрігерге үнемі осы өгей әкесімен қабылдауға келіп жүрген. Дене құқрылысында еш өзгеріс байқалмаған. Өз тарапынан шағым болмағаннан кейін, жүктілік бойынша есепке алынбаған, - дейді №7 Тараз емханасының бас дәрігері Әлия Шатаева.

Фото: видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

Шымкент және Тараз тұрғындары жер сілкінісін сезді

13.04.2025

"Таразда балға ұстаған маньяк кезіп жүр". ІІМ пікір білдірді

02.04.2025

«Басы жаншылған, шынтағы жоқ». Таразда экс-полицейді азаптап өлтірген

02.04.2025

Тараздағы сауда үйлерінің бірінде жылан табылды

26.03.2025

Әкесінің көлігін айдап кеткен жасөспірім полициядан қашты

17.03.2025

Facebook арқылы ақша бопсалаған блогер ұсталды

10.03.2025
MalimBlocks
Шымкент және Тараз тұрғындары жер сілкінісін сезді

"Таразда балға ұстаған маньяк кезіп жүр". ІІМ пікір білдірді

Жамбыл облысында мессенджерлерде "Таразда балға ұстаған маньяк кезіп жүр" деген ақпарат тарады. Ішкі істер министрлігі бұл мәселеге қатысты мәлімдеме жасады

«Басы жаншылған, шынтағы жоқ». Таразда экс-полицейді азаптап өлтірген

Тараздағы сауда үйлерінің бірінде жылан табылды

Тараздағы сауда үйлерінің бірінде ТЖМ құтқарушылары жыланды ұстады

Әкесінің көлігін айдап кеткен жасөспірім полициядан қашты

Facebook арқылы ақша бопсалаған блогер ұсталды