457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астанада 3 жасар бала терезеден құлап көз жұмды

Оқыс оқиға кеше елордадағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Бұл ақпаратты қалалық полиция растап отыр.


26 тамызда елордада көпқабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатындағы терезеден үш жастағы бала құлап, алған жарақаттар салдарынан оқиға орнында қаза тапты. Белгілі болғандай, оқиға кезінде үйде ата-анасы болмаған, балаға оның 7 жастағы ағасы қарап отырған, — делінген хабарламада.

Осы орайда Астана қалалық полициясы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін еске салады. 

Мұндай жағдайдың басым бөлігі ересектердің жеткіліксіз назарынан, немқұрайдылығынан және қарапайым сақтық шараларын сақтамау салдарынан болып жатады. Құрметті ата-ана, бала қауіпсіздігі сіздің қолыңызда. Тек ересектердің қырағылығы мен жауапкершілігі ғана қайғылы оқиғаның алдын алады, — дейді полициядан.

Айта кетсек, елордада жыл басынан бері 13 бала терезеден құлап, көз жұмды. 

Фото: Pexels