Астанада автобус оқушы қызды қағып кетті

Арман Қайыпхан

  • 03.05.2025

Астанада жолаушылар автобусы жаяу жүргіншілерге арналған өткелден өтіп бара жатқан оқушы қызды қағып кетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға жол қозғалысы ережелеріне сай белгіленген өткелде болған. Алайда Telegram-дағы Kris_p_astana арнасының мәліметінше, жүргізуші белгісіз себептермен тежегішті уақытында басып үлгермеген.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан қыз бала әртүрлі дене жарақатын алып, шұғыл түрде балалар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта дәрігерлер оған қажетті медициналық көмек көрсетуде.

Сондай-ақ, автобустың салонында болған бір жолаушы да апатты тежеу кезінде жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілген.

Астана қалалық полиция департаменті оқиға бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады. Құзырлы орган барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және аса мұқият болуға шақырады.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Астанада өткен қайырымдылық марафонына 3 мың адам қатысты

03.05.2025

Биылғы жазда мектептер жанынан 10 мыңнан астам лагерь ашылады

03.05.2025

Қазақстандық оқушы әлемнің 86 университетінен шақырту алды

02.05.2025

Астанада Жеңіс күніне орай отшашу ұйымдастырылады

02.05.2025

Бүгіннен бастап екі қалада субұрқақ іске қосылды

01.05.2025

Астанада бірнеше автобус бағдары уақытша өзгереді

01.05.2025
MalimBlocks
Астанада өткен қайырымдылық марафонына 3 мың адам қатысты

Биылғы жазда мектептер жанынан 10 мыңнан астам лагерь ашылады

Қазақстандық оқушы әлемнің 86 университетінен шақырту алды

Астанада Жеңіс күніне орай отшашу ұйымдастырылады

Бүгіннен бастап екі қалада субұрқақ іске қосылды

Алматы мен Астананың субұрқақтары күн сайын таңғы 8:00-ден кешкі 23:00-ге дейін жұмыс істейді

Астанада бірнеше автобус бағдары уақытша өзгереді

№ 18, 27, 47 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді