457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астанада жол апатынан 24 жастағы азамат қаза тапты

Елордада жол апатынан Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі мерт болды. Астана қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты сейсенбі күні Қалдаяқов көшесінің бойында болды.


Алдын ала мәліметтер бойынша, 24 жастағы жүргізуші «Арыс» көпірінің бойымен келе жатып, көлікті басқара алмай қалған. Соның салдарынан көлік аударылып, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, өзге екі көлікпен соқтығысқан.

Жүргізуші алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Осы уақытта жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Осыған дейін қарағанды облысында 2 жасар баланы пойыз басып, мерт қылғанын жазғанбыз.    

Фото: видеодан алынған кадр