Астанадағы жатақханадан өрт шықты
Астанадағы Сарыарқа ауданы Бұланты көшесі бойындағы мансард үлгідегі жатақхананың алты қабатты ғимараттан өрт шықты

Астанадағы Сарыарқа ауданы Бұланты көшесі бойындағы мансард үлгідегі жатақхананың алты қабатты ғимараттан өрт шықты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
Алғашқы бөлімшелер келген кезде өрт 6-қабатта шығып жатқаны анықталған. 6-қабат толығымен өртке оранған.
"Дереу газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары құрылып, барлау жұмыстары басталды. ТЖМ күштері суды үздіксіз жеткізді. 50 адам, соның ішінде 7 бала эвакуацияланды. 490 адам өздігінен қауіпсіз жерге шықты", - деп жазылған хабарламада.
Өрт 1600 шаршы метр алаңда толығымен сөндірілген. Оқиға орнында сынақ зертханасының және ТЖД анықтау бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Фото: ТЖМ