Атырауда үш адамды өлтірген ер адамға үкім шықты

Арман Қайыпхан

  • 29.11.2024

Атырауда көңілдесінің пәтеріне от қойып, үш адамның өмірін қиған күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Malim.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Сонымен қатар ол марқұмдардың жақындарына екі ай ішінде 21 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.

Оқиға биыл сәуір айында болған. 31 жастағы күдікті 28 жастағы келіншектің пәтеріне жанармай алып кіріп, баспанаға өрт қояды, салдарынан әйелдің 10 және 7 жастағы балалары сол жерде тіл тартпай кеткен. Ал келіншектің өзі денесінің 90 пайызы күйіп ауруханада көз жұмды.

Тергеу мәліметінше, ажырасқан келіншек өзі көңіл жарастырған күдіктімен ара қатынасты үзбек болыпты. Арты жанжалға ұласқан. Тіпті тамағына пышақ тіреп, "өлтіремін" деп қорқытқан. Есі шыққан марқұм оны алдап-сулап, дүкенге жіберген. Кете салысымен, басқа таныс еркекті көмекке шақырыпты.

Үйде бөтен адамның барын көрген күдікті жақын маңдағы жанармай бекетінен бензин әкеледі. Есіктен кіре алмаған соң, терезеден түсіп, пәтерге от қойып жеберген.

Сотта ол жалпы тергеудің дұрыс жүрмей, өзіне жала жабылғанын айтып ақталды.

Байланысты жаналықтар

Су тасқыны: Солтүстіктегі ауыл тұрғындарын эвакуациялау жүргізілуде

25.04.2025

Семейде белгісіз біреулер танымал дәрігерді өлтіріп кеткен

25.04.2025

Ақмола облысында шенеунік жетім балаға арналған үйде тұрған

25.04.2025

Алматыда такси жүргізушісіне шабуыл жасаған екі жолаушы жауапқа тартылды

25.04.2025

Қысым көрсетіліп жатыр: Жамбыл облысына арнайы топ жіберілді

25.04.2025

Батыс Қазақстанда тікұшақ ұшып, жарылыс болды. Полиция не дейді?

25.04.2025
MalimBlocks